Дәрігерлерге тиісіп боқтаған ер адамға айыппұл салынды
Өскеменде емханада дәрігерлерге тиісіп боқтаған ер адамға айыппұл салынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қала тұрғыны «Амбулаториялық орталық» медициналық мекемесінде жанжал шығарған.
Емхана қызметкерлеріне тиісіп, балағат сөздер айтқан ер адамды жөге салуға полиция келген.
ҚР ӘҚБтК-нің 80-1-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалып, іс сотқа жеткен.
«Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылды. Оған 72 450 теңге көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы толықтай заңды күшіне енді», - деп хабарлады Өскемен мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: