ДДСҰ: 1282 қызметкер қысқартуға ілікті

Қаржыландырудың қысқаруына байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 1282 қызметкері қысқартуға іліккен, деп хабарлайды Arbat.Media.

ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы ұйымның Женевада өткен атқару комитетінің 158-сессиясында белгілі болған.

Құжатта ДДСҰ шамамен 1,1 мың жұмыс орнын уақытша келісімшарттардың аяқталуы мен кейбір қызметкерлердің мерзімінен бұрын зейнетке шығуы есебінен сақтап қалғаны және нәтижесінде 1282 жұмыс орнын қысқартқаны жайында жазылған.

Ұйымның бағалауынша, 2026 жылдың ортасына қарай ДДСҰ қызметкерлерінің саны 7,3 мың адамды құрайды. Бұл 2025 жылдың басындағы 9,4 мың қызметкермен салыстырғанда 22 пайызға аз.

ДҰҰ Әлем Қаржы Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар