Декретке миллионмен: ел бойынша мыңнан астам әйел тергеліп жатыр

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың айтуынша, 13 өңірде декреттік төлемдерге қатысты 38-ден астам қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Барлық іс құқық қорғау органдарына жолданды. Қазір бұл істер бойынша 1 мыңнан астам әйел тергеліп жатыр. Алдын ала залал сомасы 3 млрд теңге болды. 9 қылмыстық іс бойынша заңсыз схемаларды ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты», – деді вице-министр.

Жүктілік және босану бойынша әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшерін заңнамалық реттеу шаралары уақытылы қабылданбағандықтан, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының активтері 67 млрд теңгеден астам сомаға шығынға ұшыраған. Бұл туралы депутат Үнзила Шапақ айтты. Сөзінше, аудит нәтижесінде 17 мың әлеуметтік төлем алушының жүктілік және босану бойынша төлемін негізсіз ұлғайту мақсатында 42 жұмыс орнына дейін жалған жұмысқа орналасу фактілері анықталған. Аталған тұлғаларға 28,6 млрд теңгеге әлеуметтік төлем берілген.

декрет Ана Бала Ақша

Тақырыпқа жаңалықтар