Демалыс күндері ауа -райы қандай болады?
Синоптиктер 13-15 желтоқсанға арналған күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанға аязды, жауын-шашынсыз ауа райын әкелген антициклон орнына қуатты циклон жылжып келеді.
Ылғалды ауа массаларымен толығатын бұл циклонның әсерінен алдағы демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Жауын-шашынмен бірге жел күшеюі де ықтимал. Батыс, солтүстік және орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін жетіп, сондай-ақ одан да күштірек болуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: