Қазақстан жаңалықтары21 желтоқсан 2023, 10:37

Депутат Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды

Депутат Аманжол Әлтай Akon-ға домбыра сыйлағандарды сынға алды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Мәжіліс депутаты Қазақстанға келетін шетелдік әншілерге талап қою керектігін айтып, Үкіметке сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, жастарымыз TikTok пен Instagram-ның тұтқынына айналып, ұлттық тәрбие өнегесінен ажырап барады.

«Күні кеше ғана Астанада өткен Akon-ның концертінде жанкүйер жастар төмен моральдық мінез-құлық көрсетті, еліміздің беделіне нұқсан келтірді. Ал ұйымдастырушылардың әншіні ұлттық киіммен қарсы алып, домбыра сыйлағандары тіптен орынсыз деп санаймын. Ұлттық музыкалық мұрамыздың символы  - қасиетті домбыраны әйелдерді қорлауды насихаттаудың айқын сипатына ие «Smack that», «hypnotiser» сияқты әндерді орындайтын әншіге беру – парықсыздық, ұлттық құндылықтарды табанға таптау деп қабылдаймын», деді депутат.

Аманжол Әлтай Akon домбыра Сын

Тақырыпқа жаңалықтар