«Депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ»: Тоқаев жаңа парламент туралы

Қасым-Жомарт Тоқаев бір палаталы жаңа парламентте президент квотасы болмайтынын атап өтті. Мемлекет басшысв депутаттар санын көбейтудің де керек емесін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тоқаев жолдауда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтергенін, бұл осыған дейінгі саяси өзгерістердің заңды жалғасы екенін мәлімдеді.

«Біз президенттік Республика болып қала береміз. Жаңа бастама қоғамда қызу талқыланып жатыр. Парламенттің құрылымына қатысты көптеген ұсыныс келіп түсуде», - деді президент.

Мысалы, депутаттардың саны халық санына сәйкес, яғни пропорционалды болуға тиіс деген ойлар айтылуда. Президенттің айтуынша, мұндай ұстаныммен қарайтын болса, олардың саны 200 адамға жетеді. Қазір қос палатада 148 депутат бар.

«Парламенттік реформа – екі палатаны жай біріктіре салу деген сөз емес. Меніңше, депутат санын тым көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, оңтайландыру керек, парламенттің жұмысын жетілдіру қажет. Мысалы, бір палаталы жаңа Парламентте Президент квотасы болмайды. Барлық депутаттар бірдей тәртіппен сайлануы қажет. Бұл – алдағы парламенттік реформа аясында жасалатын аса маңызды қадам. Мұны жақсы ұғынып, жұртшылыққа кеңінен түсіндіру қажет», - деді Тоқаев.

Тоқаев депутат Парламент Ақорда

Тақырыпқа жаңалықтар