Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті

Димаш Құдайберген Мексикада сәбидің тұсауын кесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әнші Димаш Құдайберген Мексикадағы сапары кезінде Қазақстан елшілігіне барып, жергілікті қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Елшілікте Димаш бір жасқа толған Халид Йылдыз есімді қазақстандық сәбидің тұсауын кесіп, оған ақ жол тіледі.

Сонымен қатар ол елші Алмурат Тұрғанбековпен тоғызқұмалақ ойынында алғашқы жүрістерін алмасты. БҰҰ-ның елшісі ретінде Димаш өз сөзінде бейбітшілік пен өзара түсіністіктің маңызын атап өтіп, соғыстардың адамзатқа әкелетін ауыр зардаптарына назар аударды.

Димаш Әнші Сәби тұсау кесер

Тақырыпқа жаңалықтар