Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді
Димаш Құдайберген Қырғызстанның халық әртісі атағын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Чолпон-Ата қаласында өткен «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің жабылу рәсімінде Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың жарлығымен Қазақстанның халық әртісі, әнші және композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.
Марапатты Димашқа мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мәмбеталиевтің қатысуымен Қырғыз Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Иманқұлов табыстады.
Димаш Құдайберген 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында дүниеге келген. 7 октава мен 7 жарты тонды қамтитын кең вокалдық диапазонымен танымал. Музыкалық стиль — опера элементтері мен қазақ халық музыкасын қамтитын поп-музыка.
2015 жылы Витебскіде өткен "Славян базары" фестивалі аясындағы вокалистер байқауына қатысып, Бас жүлдені жеңіп алды. 2017 жылы Қытайда өткен "Singer" вокалист-жұлдыздар байқауына қатысып, екінші орын алды.
Мансап барысында Қазақстанда және Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның басқа елдерінде танымалдылыққа жетті.