Димаш Құдайбергеннің әкесінің тойдағы биі жұртқа ұнап қалды
Әлеуметтік желіде Қанат Айтбаев пен Светлана Айтбаеваның тойда жүрген сәтінен бейнежазба тарады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ортаға сөз сөйлеуге шақырылған қазақстанның халық әртісінің ата-анасы, қонақтар алдына билеп, көңілді шықты. Әсіресе Қанат Айтбаев бұрын көрсетпеген ерекше қимылымен көпшіліктің назарын аударды.Пікірлерде жұрт оның ырғаққа сай әдемі билейтінін жарыса жазды.
«Элиталар», «Біздің интеллигенция», «Қанат мырза балетке қатыспаса да, жеңіл қимылдайды екен», «Қанеке биді қатырады екен», – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: