Екі аптада ЛРТ-ға миллион адам мінген

Астана тұрғындары мен қонақтары 16 мамырда ашылған LRT-ні белсенді түрде пайдаланып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында елордадағы жаңа қоғамдық көлік жүйесінің жұмысын бөлісті.

LRT іске қосылғаннан бері жолаушылар ағыны екі апта ішінде 1 миллионға жетті. Күнделікті жолаушылар ағыны – шамамен 65 000-75 000 адам.

“Бұл елорда тұрғындары мен қонақтары арасында қалалық қоғамдық көлігінің осы жаңа түріне деген сұранысты көрсетеді. Барлық жолаушыға LRT-ді белсенді пайдаланғаны, жаңа көлік жүйесіне сенім білдіргені және инфрақұрылымға жауапкершілікпен қарағаны үшін алғысымды білдіремін", – деді қала әкімі.

ЛРТ Астана Адам халық
28 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
29 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар