Қазақстан жаңалықтары28 қазан 2025, 10:33

Екібастұзда даму орталығында қыз бала қолынан жарақат алды

Екібастұзда даму орталығында қыз бала қолынан жарақат алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сабақ кезінде нұсқаушы қыздың қолынан тартып, жаттығуды күштеп жасатқаны түсірілген видео тарады.

Осыдан кейін бала ауырып қалған қолын бауырына қысып, жылаған.

Видеоның астында қыздың анасы сабақтан кейін баланы бірден ауруханаға апарғанын және оған гипс салынғанын жазған.

Ата-анасы полицияға арыз түсірді.

«Сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала дерек бойынша Екібастұздағы түзету орталықтарының бірінде нұсқаушы кәмелетке толмаған балаға қатысты өз міндетін дұрыс орындамаған», – деп хабарлады Павлодар облыстық полициясы.

Екібастұз даму орталығы жаттығу Бала

Тақырыпқа жаңалықтар