Экс-министр Қуандық Бишімбаев тағы сотталады
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты тағы бір сот процесі өтеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады. Алдағы сот талқылауы алимент төлеу туралы келісімді өзгертуге байланысты.
"Бұл келісім Қуандық бостандықта жүрген кезде, бизнеспен айналысып, тұрақты табысы болған кезде жасалған. Сол кезде балаларға төленетін алимент мөлшері жоғары көрсетілген. Қазір жағдай өзгерді – оның табысы жоқ, алиментті оның ата-анасы төлеуге мәжбүр", – деді ол.
Айта кетейік, экс-министр жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 23 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: