Қазақстан жаңалықтары4 шілде 2024, 9:23

Елде Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталығы ашылады

Астанада Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 7-ші отырысы өтті. Дәл осы жиында «ҚазМұнайГаз» бен «СИБУР Холдинг» және Sinopec Overseas Investment Holding «Силлено» жобасына қатысты хаттамаға қол қойды. Осы құжаттың ішінде «Қазпошта» АҚ мен YTO Express Group арасындағы ынтымақтастық туралы келісім де бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Таяуда осы тақырып бойынша Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя кездесті.

Жиында Орталық Азиядағы ең ірі электронды сауда тарату орталықтарының бірі Қазақстанда ашылатыны мәлім болды. Бұл орталық тауарларды жедел өңдеуді және ЕО, ЕАЭО және Орталық Азия елдеріне жеткізілуін қамтамасыз етпек. Сондай-ақ интеллектуалдық IT-шешімдерді енгізу, логистикалық үдерістерді толық автоматтандыру, кедендік сүйемелдеу жұмыстары реттелмек.

Ведомство дерегінше, Қазақстандағы электрондық сауда нарығы жыл сайын 20 пайызға өсуде.

«Қытайдың электронды сауда нарығы өзінің ауқымымен таң қалдырады, онда сатылымдардың 70 пайыздан астамы онлайн жүзеге асырылуда. Қазақстан өзінің тиімді географиялық орналасуымен халықаралық электронды сауданың негізгі транзиттік аймағына айналуға ұмтылады. Қазпоштамен бірлескен Қазақстанда тарату орталығын құру жобасы трансшекаралық сауданы дамытуға жаңа серпін береді», – деген Қазақстанның Сауда министрі.

YTO Express Co. басқарма төрағасы Ю Вэйцзя бұл жобаның бүкіл өңірді қамтитын Орталық Азиядағы жалғыз жоба екенін атап өтті.

Компания бірқатар елде тағы 5 тарату орталығын салуды жоспарлап отыр.

Қорытындысында жоба экономикалық байланыстарды нығайту мен халықаралық онлайн сауданы дамыту жолындағы маңызды қадам саналмақ.

Орталық Азия электронды сауда тарату орталық

Тақырыпқа жаңалықтар