Қазақстан жаңалықтары19 сәуір 2024, 19:33

Елдегі су қоймалары 100% толды

Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева елдегі су қоймалары жағдайын баяндады. Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 97%. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істеп тұр. ШҚО екі ірі су қоймасы бойынша 80% су жиналды. Қарағанды облысында 3 ірі су қоймасы 98% толы.Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші – 92%. БҚО төрт ірі су қоймасы 83% су жинады. Бәрі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Ресеймен шекарада Жайық өзенінің деңгейі 884 сантиметрге жетті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100% толы. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Сергеев су қоймасында су 316 сантиметрге асты. Петропавл қаласындағы Есіл өзенінің деңгейі – 1312 см, бір тәулікте 23 см төмендеу байқалды. бай облысында Шүлбі су қоймасы 69%-ға толды. Өңірде су тасқыны жалғасып жатыр. Шүлбі су қоймасына су жіберу жалғасуда. Ертістегі су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. 27 наурыз бен 18 сәуір күндері Тобыл, Есіл, Жайық және Елек өзендері бассейндерінің су қоймаларына 19 текше шақырым тасқын суы келді. Биыл су жіберу көлемі 16 текше шақырым болды. Осылайша, қазіргі уақытта су қоймаларында 3 текше шақырым су жиналды. Салыстырмалы түрде бір жыл бұрын 1,2 текше шақырым су жиналған еді», - деді М.Әбдуәлиева.

 

 

 

Қазақстан Су тасқыны су қоймалары жағдай

Тақырыпқа жаңалықтар