Елімізде 15 мыңнан астам азамат амнистияға ілігеді

Елімізде 15 мыңнан астам азамат амнистияға ілігеді. Оның ішінде 1500-ге жуық адам түрмеден босатылады. Ал қалғандарының жаза мерзімі қысқартылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сенат тиісті заңды мақұлдап, Президенттің қол қоюына жіберді.

Амнистия қылмыстық теріс қылық жасағандарға, ауырлығы жеңіл қылмыстарға, сондай-ақ келтірілген залал болмаған немесе толық өтелген жағдайда орташа ауырлықтағы кейбір қылмыстарды жасағандарға қолданылады.

Орташа ауырлықтағы, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандардың өтелмеген жаза мерзімі қысқартылады.

Алғаш рет әкімшілік амнистия енгізіледі. Айыппұлдардан қазақстандықтар, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ нотариустар, сот орындаушылары, адвокаттар және заң консультанттары босатылады.

Амнистия сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандарға, террористерге, экстремистерге, кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыс жасағандарға, азаптау фактілеріне және басқа да ауыр әрі аса ауыр қылмыстарға қатысы бар адамдарға қолданылмайды.

Рақымшылық азамат бостандық Кешірім

Тақырыпқа жаңалықтар