Елімізде 24 мыңға жуық жасөспірімді полиция ұстап алды

Профилактикалық іс-шара кезінде 23,5 мың жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.media.

10 сәуірден бастап өткізілген республикалық «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасыбарысында полицияға 23,5 мың кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, 124 жасөспірім құқық бұзушылық, ал 18,5 мыңнан астамы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұсталған.

Сондай-ақ, рейд барысында 5,2 мың қараусыз бала анықталды, 853 жасөспірім бейімдеу

орталықтарына орналастырылып, оларға психологиялық және әлеуметтік қолдаукөрсетілді.

Жалпы 26 мыңға жуық әкімшілік құқықбұзушылықтың жолы кесілді, соның ішінде 3 мыңға жуығы – бала тәрбиесі жөніндегі міндеттерін орындамаған ата-аналар тарапынан болған.

Тақырыпқа жаңалықтар