Елімізде алдағы күндері күн күрт суиды
Казгидромет мәліметінше, алдағы үш күнде солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерге антициклон әсер етіп, қатты аяз күтіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ертеңнен бастап жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендейді.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында –35°С дейін аяз болжанып отыр. Мамандар алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Жолдардың жабылуына қатысты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығынан білуге болады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: