Елімізде қанша соғыс ардагері қалды?
Елімізде 105 соғыс ардагері қалған, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы еңбек вице-министрі Олжас Анафин айтты. Сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан басқа санаттағы 40 707 азамат тұрады деді вице-министр. Айтуынша, ардагерлерге коммуналдық төлемдерін төлеуге, үйлерін жөндеуге, тіс протездеуге көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, кеше Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад болды.
Ақорда хабарлауынша, салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысты.
Әскери парад сағат 10:45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан көрсетілді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: