Елімізде шахматты дамытудың бес жылдық жоспары бекітілді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары2 тамыз 2024, 9:34

Елімізде шахматты дамытудың бес жылдық жоспары бекітілді

Астанада жалауын желбірететін рапид және блиц бойынша шахматтан әлем чемпионатының алау эстефатасын жағу рәсіміне қатысқан ҚР Премьер-миристрі Олжас Бектенов елімізде шахматты дамытудың бес жылдық жоспары бекітілгенін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Мемлекет басшысы еліміздегі шахматтың дамуына ерекше көңіл бөліп отыр. Бүгінде елімізде 200 мыңнан астам адам шахматпен айналысады. Бес жылдық жоспарға сәйкес, шахматпен шұғылданатындардың саны екі есе артады деп жоспарланған. Бүгінде Халықаралық шахмат федерациясы беделді ұйымға айналып отыр. Барша шахмат сүйер қауымды аталған ұжымның 100 жылдығымен, шахмат Олимпиадасының 45 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын», - деді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, дәл қазір Астанада рапид және блиц бойынша (FIDE World Rapid and Blitz Team Championships 2024) шахматтан әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтеді. Жүлдеге әлемнің түкпір-түкпірінен келген 39 команда таласатынын атап өткен жөн.

Жарыстың жүлде қоры – 350 мың еуро. Астанаға әлемнің ең үздік шахматшысы Магнус Карлсеннің келуі жарыстың мәртебесін арттыра түскені анық.

Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Гүлмира Дәулетованың айтуынша, 39 команданың 20-ы — қазақстандықтар. Осылайша, жергілікті шахматшылардың тәжірибе жинақтауына мүмкіндік беріліп отыр.

шахматты дамыту бес жылдық жоспар Олжас Бектенов

Тақырыпқа жаңалықтар