Қазақстан жаңалықтары29 желтоқсан 2023, 17:00

Енді дәрі-дәрмек пен зергерлік әшекей таңбалана бастайды

Келесі жылдан бастап дәрі-дәрмек пен зергерлік әшекейлер таңбалана бастайды.ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте дәрілік заттар мен зергерлік бұйымдарды таңбалауды енгізу мәселелері талқыланды, - деп хабарлайды Arbat.media

Кеңеске «Атамекен» ҰКП өкілдері де қатысты. Елде темекі өнімдері мен аяқ киім таңбалауға жатады. Бұл шара тауарларды бақылап отыруға, заңсыз өнімді анықтауға, көлеңкелі айналымды азайтуға және бюджетке түсетін салықты арттыруға мүмкіндік берді.

Жалпы таңбалау адал кәсіпкерлер мен тұтынушыларды қорғауға бағытталған.

Дәрілік заттарды таңбалау 2024 жылғы 1 шілдеге жоспарланып отыр.

Зергерлік бұйымдарды таңбалауды 2024 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу жоспарланып отыр.

Премьер-министр белгіленген тәртіппен таңбаланбаған тауарларды сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізуді, сондай-ақ пилоттық режимде таңбалауды жүргізу үшін тауарларды іріктеу тетігін жетілдіру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. 2024 жылы мотор майлары, сыра және сыра сусындары бойынша пилоттық жобаларды жүргізу жоспарланған.

Қазақстан өнімдері таңбалау

Тақырыпқа жаңалықтар