Енді дәрігерге шабуыл жасағандар 15 жылға дейін сотталуы мүмкін

Елімізде ақ халаттыларға шабуыл жасағандарға жаза күшейтіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Күзде Парламентте дәрігерлерге қоқан-лоқы көрсету мен шабуыл жасауға қатысты қылмыстық жауапкершілікті күшейтетін заң жобасы қаралады.

Енді бір медицина қызметкеріне шабуыл жасаған адам 2-7 жылға бас бостандығынан айырылады. Ал төтенше жағдайда жасалған әрекет үшін 10 жылға дейін сотталады. Бірнеше медицина қызметкеріне шабуыл жасауғандар 15 жылға бас бостандығынан айырылады.

Жаза медицина күш қолдану Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар