Енді электрсамокатпен тротуарда жүруге тыйым салынады

1 шілдеден бастап Қазақстанда электрсамокаттарды пайдалану ережелері өзгерді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Енді жалға берілетін әрбір электрсамокатқа жеке тіркеу нөмірі беріледі. Бұл құқық бұзған самокат жүргізушілерін бейнебақылау камералары арқылы анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жүргізуші куәлігі жоқ азаматтарға электрсамокатпен автомобиль жүретін жолдың бойымен жүруге тыйым салынады. Олар тек рұқсат етілген аумақтарда ғана қозғала алады.

Ал 2026 жылғы 25 тамыздан бастап электрсамокаттардың тротуарлар мен жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне толық тыйым салынады.

Жаңа талаптар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, жаяу жүргіншілердің құқығын қорғауға және электрсамокат жүргізушілерінің жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Самокат Заң жоба Келісім

Тақырыпқа жаңалықтар