Ерекше балалардың ата-анасының көңіліне тиетін сөз айтқан блогер ұсталды

Ерекше балалардың ата-анасының көңіліне тиетін сөз айтқан блогер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ол әлеуметтік желіде ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз және қорлайтын сөздер айтып, қоғамның наразылығын тудырған болатын.

Астанада видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша материалдар сотқа жіберіледі.

Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Астана блогер ерекше бала Айыппұл

Тақырыпқа жаңалықтар