Ертең атыраулық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды

Ертең атыраулық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқиды. Облыстық білім беру басқармасы осылай деп хабарлады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

"Ауа райының күрт бұзылуына байланысты 15 желтоқсан күні облыстағы барлық білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушылары мен кәсіптік-техникалық ұйымдардың студенттері қашықтан оқыту режиміне көшеді", - делінген хабарламада.

Ал балабақшалар ата-аналар балаларын апарса, қабылдап жұмысты жалғастырады.

Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарын қауіпсіздік талаптарын сақтауға, мүмкіндігінше көшеде ұзақ жүрмеуге және ғимараттардың жанында сақ болуға шақырды.

Атырау Оқушы Білім бөлімі онлайн
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар