FlyArystan пауэрбанк тасымалдау ережелерін өзгертті

FlyArystan пауэрбанк тасымалдау ережелерін өзгертті, деп хабарлайды Arbat.Media.

7 мамырдан бастап FlyArystan рейстерінде портативті аккумуляторларды (power bank) тасымалдаудың жаңа ережелері енгізіледі.

Жаңа ереже бойынша:

- 100 Вт/сағ дейінгі құрылғыларды шектеусіз тасымалдауға болады.

- 100–160 Вт/сағ арасындағы құрылғылар тек әуе компаниясының рұқсатымен тасымалданады;

- 160 Вт/сағ жоғары құрылғыларды тасымалдауға тыйым салынады;

Портативті аккумуляторларды тек қол жүгінде ғана тасымалдауға рұқсат етіледі. Ұшақ бортында оларды қуаттауға және пайдалануға болмайды.

Ұшақ Әуежай Келісім Талап

Тақырыпқа жаңалықтар