Германияда өлтірілген қазақстандық экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды
Германияда кісі қолынан қайтыс болған қазақстандық экс-судьяның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Александр Донцов пен Наталья Донцованы Талдықорған қаласының полиция бөлімі іздестіріп жатыр.
Айта кетейік, 2024 жылы маусымда экс-судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып кеткен еді. Ол Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған. 4 маусымда ол қызын балабақшаға апарғаннан кейін байланысқа шықпаған.
Ал 16 маусымда әйелдің денесі қала шетінен табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.

Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: