Германияда қайтыс болған судья: Күдіктілердің азаматтығы анықталса, іс Ресей тарапына өтуі мүмкін
Марқұмның күйеуі Александр Донцов пен енесі Наталья Донцова қазір Мәскеуде тұрып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олардың үстінен елімізде азаптау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Ресей де Қазақстан сияқты өз азаматтарын бермейді. Сондықтан олардың азаматтығы анықталған кейін, оларға жазасын беруі үшін қылмыстық іс әрі қарай Ресей тарапына беріледі», - деді Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.
Оның айтуынша, олардың Ресейден кетіп қалу қаупі жоқ. Өйткені екі күдікті де халықаралық іздеуде.
Айта кетері, 2024 жылы маусымда экс-судья Айгүл Сайлыбаева із-түссіз жоғалып кетіп, 16 маусымда әйелдің денесі қала шетінен табылды. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: