Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 миллиард доллардан асқан адам атанды

Кәсіпкер Илон Маск тарихта алғаш рет байлығы 700 миллиард доллардан асқан адам атанды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл жағдай Делавэр штатының Жоғарғы соты төменгі инстанцияның Маскқа берілген Tesla акцияларына қатысты опциондарды жарамсыз деп тану жөніндегі шешімін жойғаннан кейін тіркелді.

Қазіргі таңда аталған опциондардың жалпы құны шамамен 139 миллиард долларға бағаланып отыр. Соттағы сәтті апелляция Масктың қаржылық жағдайына тікелей әсер еткен.

Forbes мәліметінше, осы шешімнен кейін Илон Масктың жиынтық байлығы рекордтық 749 миллиард долларға жеткен.

Илон Маск Бай адам Байлық Көрсеткіш
20 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:40 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:02 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар