Инкассатор көлігі жол апатынан кейін өртеніп, жүргізуші қаза тапты
Қарағанды облысында инкассатор көлігі жол апатынан кейін өртеніп, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Largus көлігімен соқтығысқан. Салдарынан инкассатор көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Көлік ішінде 3 миллион теңгеден астам ақша болған. Ол көлікпен бірге өртеніп кеткен.
Ал Toyota Camry көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мас күйде болған.
Қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: