Кәрім Мәсімовтің естелік жазуы бар қаруы сатылды
11 желтоқсан күні өткен аукционда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің зәулім үйінен тәркіленген бірнеше мүлік сатылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бұл туралы ақпарат электронды аукцион сайтында жарияланды.
Аукцион барысында үш лот, яғни тоғыз мүлік бірлігі сатылымға шығарылып. Ең жоғары сұранысқа ие болған зат — «Айбалта». Бұл лот үшін жеті сатвп алушы бәсекелесті. Бастапқы бағасы небәрі 38 мың теңге болғанымен, сауда нәтижесінде балта 378 мың теңгеге сатылды.
Бұл қарулар, болжам бойынша, Кәрім Мәсімовке сый ретінде берілген. Себебі олардың бірінде сый берушілердің есімдері мен күні қашалып жазылған.


Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: