Қазақстан жаңалықтары7 қазан 2023, 11:30

Коста-Рика телеарнасы Димаш Құдайбергенге эфир арнады

Коста-Риканың ең танымал телеарналарының бірі Multimedios CR алғаш рет Димаш Құдайберген туралы бағдарлама шығарды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жүргізушілер қазақстандық әртістің өмірбаянымен таныстырып, оның S.O.S әнін эфирде қосты, деп жазады dimashnews.com сайты.

Multimedios медиахолдингі 1933 жылы құрылғаннан бері үлкен танымалдылыққа ие болды және қазір өз бағдарламаларын тек Мексикада ғана емес, Коста-Рикада, АҚШ-та және Испанияда таратады.

«Бұл оқиға еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарында сүйікті әртістің шығармашылығын таратудың бастапқы нүктесі болды. Коста-Рикада мүмкіндігінше көп адам оның керемет музыкасы мен әдемі дауысын естісе дейміз», – дейді Димаштың Коста-Рикадағы фанаттары.

Коста-Рика Димаш Құдайберген Телеарна эфир
Кеше, 15:43 Қазақстан жаңалықтары
18 сәуір 2025 Қазақстан жаңалықтары
18 сәуір 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар