Күтпеген су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 24 адамға жетті

АҚШ-тың Техас штатында болған кенеттен су тасқыны салдарынан кемінде 24 адам қаза тапты. Бұл туралы Керр округінің шерифі Ларри Лейта 4 шілде күні кешкі баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media DW-ге сілтеме жасап.

Қайтыс болғандардың арасында балалар да бар екені анықталды. Сонымен қатар, су тасқыны кезінде жазғы лагерьде демалып жатқан 20 қыз бала жоғалып кеткен. Оларды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Шериф Лейта олардың кейбірі ағаштарға шығып, тірі қалуы мүмкін екенін айтып өтті.

Техас вице-губернаторы Дэн Патриктің айтуынша, жоғалған балалар Гуадалупе өзенінің маңындағы лагерьде демалған. Аталған өзеннің су деңгейі небәрі 45 минуттың ішінде 8 метрге көтерілген.

Су тасқыны Адам Қаза

Тақырыпқа жаңалықтар