LRT нысандарында жұмыс істейтін жаңа полиция басқармасы құрылады
Елімізде Ішкі істер министрлігінің Көліктегі полиция департаментінің құрылымында жаңа мемлекеттік мекеме – LRT нысандарындағы көлік полициясы басқармасы құрылады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жаңа бөлімшені қаржыландыру республикалық бюджеттен, Ішкі істер министрлігін ұстауға қарастырылған қаражат шегінде жүзеге асырылмақ. Басқарма министрлікке қарайтын аумақтық органдар мен бөлімшелердің тізімінде болады.
Қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: