Қазақстан жаңалықтары30 желтоқсан 2023, 0:59

Магистратура мен докторантураға құжаттарды Egov порталында онлайн өткізуге болады

26 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 10 қаңтарға дейін eGov.kz порталы арқылы жоғары оқу орнынан кейінгі білім ұйымдарына грант  иегерлері де, ақылы оқығысы келетіндер де құжаттарды электронды түрде тапсыра алады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Өтінім беру үшін eGov.kz порталында авторлану қажет. 

— «Азаматтарға» — «Білім» — «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім» бөліміне өтіңіз;

— «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламасы бойынша оқыту үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау және оқуға қабылдау» қызметін таңдаңыз.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • жоғары білім туралы құжаттың немесе интернатураны бітіру туралы куәліктің сканерленген көшірмесі (резидентураға түсу үшін);
  • бағдарлама бойынша (TOEFL, IELTS, DSH, DALF, TCF) шетел (ағылшын, француз, неміс) тілі бойынша сертификаттың сканерленген көшірмесі (бар болса);
  • еңбек қызметін растайтын құжаттың сканерленген көшірмесі (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
  • 3×4 см болатын цифрлық фото;
  • 075/у нысаны бойынша электронды форматтағы медициналық анықтама.

Қызмет тегін ұсынылады және оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы өңдейді.

Сондай-ақ, жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясы арқылы құжаттарды қолма қол тапсыруға болады.

egov магистратура докторантура Құжат

Тақырыпқа жаңалықтар