Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 51 мыңнан астам өтініш қабылданды, деп хабардайды Arbat.Media.
Ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Бизнес, басқару және құқық» бар.
Тестілеу 10 тамызға дейін жалғасады. Ал грант конкурсына құжаттар 12-18 тамыз аралығында қабылданады. Грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл магистратурада оқу үшін 13 мыңнан астам грант бөлінген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: