Қазақстан жаңалықтары25 шілде 2024, 22:32

Майқайыңдағы апат: Соңғы адамның денесі табылды

25 шілдеде құтқарушылар Майқайың кенішінде жердің астына түсіп кеткен төртінші адамды тапты. Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары және шахта қызметкерлері опырылған топырақ пен тастың құлау қаупіне қарамастан жұмыс істеді. Оның барысында сағат 16:05–те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинистің денесі табылып, сараптамаға жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай үлкен қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмысқа әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

180 мыңнан астам тонна тау массасы шығарылды - деп жазады Kazinform агенттігі.

«Бұл шағын экскаваторға автобустың орналасқан жеріне түсіп, жұмысты бастауға мүмкіндік берді. Шұңқырдың шетінен топырақ пен тау жыныстарының қозғалысы мен құлауын бақылау жүргізілді. Құтқарушылар шұңқырдың түбіндегі экскаваторлар мен басқа мамандардың жұмысын сақтандыру мен қауіпсіздікті үнемі қамтамасыз етіп отырды. Авариялық-құтқару ережесі мен қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жанармай, тамақ, маркшейдер — мамандарды түсіру, сондай-ақ табылған заттар көтерілді» дейді ТЖМ баспасөз қызметінен.

Мамандар топырақты металл детекторымен, геосканермен және магнитометрмен үнемі сканерлеп отырды.

Сонымен қатар оқиға орнында кинологтар жұмыс істеді.

Айта кетейік, Павлодар облысының әкісі Асайын Байханов Майқайыңдағы ойықтан табылған төртінші құтқарушы Айып Тілеубергеновтің отбасына көңіл айтты.

«4 қаңтар күні Майқайың кенішінің жанында жұмыс істемейтін шахтаның тазарту кеңістігіне «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС құтқарушылары отырған автобус құлап кеткен болатын. Осы қайғылы оқиғадан кейін 7 ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық. Бүгін сағат 16.20-да соңғы құтқарушы-жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмға иман байлығын берсін»,-деп жазды өңір басшысы Асайын Байханов Instagram парақшасында.

Облыс әкімі жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, 4 қаңтарда Павлодар облысындағы Майқайың алтын кенішінде ішінде адамдар бар автобус жер астына түсіп кетті.

Оқиға орнынан екі адамның денесі табылды.

Кейін құтқарушылар топырақтың жиі қозғалуына байланысты жер қазу жұмыстарын тоқтатты.

Ал мамыр айында Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды.

19 шілдеде Майқайыңда алты айдан соң үшінші құтқарушының мүрдесі табылған еді. Марқұм Айдос Шаймерденнің денесі 70 метр тереңдіктен қазып алынған.

Ал бүгін ойыққа түсіп кеткен автобус жоғары шығарылды.

Майқайың соңғы адам өлім іздеу аяқталды

Тақырыпқа жаңалықтар