Қазақстан жаңалықтары13 қыркүйек 2025, 15:22

Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізіледі

Маңғыстау облысында апаттан зардап шеккен екі науқас Астанаға жеткізіледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Автомобиль апатынан зардап шеккен екі науқас санитариялық авиация бортымен Жаңаөзеннен Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген болатын. Ауыр жағдайдағы екі пациентті одан әрі емдеу бойынша бүгін мамандардың қатысуымен телемедициналық консультациялар өткізілді. Алдағы күндері олар Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының клиникасына жатқызылады.

Апаттан зардап шеккен үшінші адам Жаңаөзен қаласының ауруханасында қалды, оның жағдайы тұрақты.

Еске салайық, Маңғыстау облысындағы жол апатынан 10 адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақаттанған болатын.

Маңғыстау өңір науқас Астана
Кеше, 12:30 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар