Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан он адам қаза тапты
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан он адам қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Кеше, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысы Қарақиян ауданы Сенек ауылынан 90 километрде жол апаты болып, 10 адам қаза тапты. Бұл туралы облыстың жол полициясы хабарлады.
Алдын ала ақпарат қарағанда, Toyota Hiace шағын автобусының жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылған. Сегіз адам сол жерде, екі адам ауруханаға бара жатқанда көз жұмған. Жүргізуші мен екі жолаушы жарақаттанып, ауруханаға түскен. Полиция жол апатынан соң қылмыстық іс қозғаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: