Маңғыстауда мектептің төбесі опырылып түсті

Маңғыстауда төбесі опырылып түскен мектеп бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 278-бабы 2-бөлігі, яғни ғимараттарды, құрылыстарды немесе олардың бөліктерін пайдалануға беру немесе пайдалануға рұқсат беру кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бүгін таңғы сағат 6:30 шамасында Қарақия ауданы, Құрық ауылында орналасқан жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының акт залының төбесі опырылып құлаған. Зардап шеккендер жоқ.

Маңғыстау Мектеп құлады төбе

Тақырыпқа жаңалықтар