Қазақстан жаңалықтары28 желтоқсан 2023, 13:00

Маңғыстауда үшем дүниеге келді

Маңғыстау облыстық "Ана мен бала" перинаталдық орталығында үшем жарық дүние есігін ашты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Үшемнің анасы 35 жаста. Ол жұбайымен бірге 4 бала тәрбибелеп отыр.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында тұратын ерлі-зайыптылар өңірдегі ауежай кешенінде жұмыс істейді.

Дәрігерлердің айтуынша, жаңа туған нәрестелердің үшеуі де қыз бала.​ Сәбилердің салмағы​ 1890 гр,​1950 гр және 2700 грамды көрсетті. Нәрестелерге ата-анасы ​Асылым, Айзада, Айдана есімдерін қойған. ​

«Қазір жас босанған ананың жағдайы жақсы. Ал нәрестелер орталықта емдеп жетілдірудің 2-ші сатысы бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. ​ Әзірге жан-жақты зерделеніп, толықтай ем алады және жағдайлары тұрақталғанша дәрігерлердің бақылауында болады», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары.

Маңғыстау облысы үшем Мұнайлы

Тақырыпқа жаңалықтар