Мас күйінде көлік тізгіндеген елордалық судья айыппұлмен ғана құтылды
Астана соты судья Әсел Досаеваға мас күйдінде жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарғаны үшін айыппұл салды. Оқиға 2025 жылдың 1 қарашаға қараған түні болған еді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Судьяның куәлігінің жарамдылық мерзімі 3 шілдеде аяқталған. Сонымен қатар, сараптама оның ішімдік ішкененін көрсетті.
Алайда, Досаева шақыртуға қарамастан сот отырысына келмеген. Ол полицияны алдын ала хабардар етіп, хаттаманы өз қатысуынсыз рәсімдеуді сұраған.
Нәтижесінде сот Досаеваның ӘҚБтК-нің 608-бабының 8-бөлігін бұзғанын анықтады. Оның 14 жасқа толмаған баласы болғандықтан, оған әкімшілік қамау қолданылмайды. Оның орнына сот 200 АЕК мөлшерінде (786 400 теңге) айыппұл тағайындады.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: