Мас жолаушы Астана – Атырау бағытындағы рейстен түсірілді
Астана – Атырау бағытындағы рейстен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғыны түсірілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тексеру кезінде мас күйдегі жолаушы ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды.
«Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған», - делінген Көліктегі полиция департаментінің ақпаратында.
Полицейлер азаматшаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 4 бірдей бабымен, атап айтқанда билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, ұсақ бұзақылық жасау, бортсеріктердің талаптарын орындамау, сондай-ақ қоғамдық орынға мас күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды.