Алдағы уақытта 18 жасқа дейінгі балалар ел ішінде тегін ұшуы мүмкін

Алдағы уақытта 18 жасқа дейінгі балалар ел ішінде тегін ұшуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Туризм және спорт министрлігі жүйелі түрде мемлекеттік қолдаудың 7 шарасын жүзеге асырып жатыр. Бұл шаралар туристік өнімдердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ішкі және келу туризмін дамытуға бағытталған.

Олардың ішінде Туристік объектілерді салу немесе жаңғырту шығындарын өтеу және Балаларға арналған әуе билеттерін субсидиялау.

Ішкі туризмді дамыту аясында 18 жасқа дейінгі балалар ел ішінде тегін ұшады. Ол үшін ішкі туризм саласында қызмет көрсететін туроператордан тур сатып алу қажет. Мұндай жағдайда туристік өнім құрамына енгізілген әуе билеттерінің құны 100% субсидияланады.

Ұшақ Бала тегін ұшады

Тақырыпқа жаңалықтар