Қазақстаннан Ресейге жұмыс істеуге 122 мыңнан астам адам барған

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында 122 654 Қазақстан азаматы жұмыс істеу мақсатында Ресейге барған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ресей шекарасын табыс табу мақсатында ең көп кесіп өткендер – Өзбекстан азаматтары. Алты айдың ішінде бұл елден 1 миллион 178 мыңнан астам адам барған. Рейтингте одан кейінгі орындарға Тәжікстан (494 518 адам), Қырғызстан (289 061 адам) және Қазақстан азаматтары жайғасқан.

Жұмыс істеуге барғандардың алғашқы бестігін Қытай (89 656 адам) түйіндеп тұр. Сондай-ақ ондыққа Армения, Әзербайжан, Үндістан, Түрікменстан және Түркия елдері кірген.

Жұмысшы Ресей Ақпарат жаңалық
23 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
22 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары
23 қазан 2026 • Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар