Қазақстан жаңалықтары6 сәуір 2024, 12:32

Мемлекет басшысы бауырлас Қырғызстан халқына гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровқа көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты пен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті

«Мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз қатынастары барлық бағытта қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Әңгімелесу барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сонымен қатар тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібі бойынша пікір алмасты. Қырғызстан Президенті жақын арада Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға ресми сапармен келетінін растады» — делінген хабарламада.

Айта кетсек, Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына 300 тонна гуманитарлық жүк жіберді.

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша елдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Азық-түлік керуені» гуманитарлық жүгін ұйымдастырды. Тұрғындарға күнбағыс майы, қант, күріш, макарон және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ жергілікті жерде өндірілген матрацтар, киім-кешек, шатырлар жеткізілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан халқы алғыс гуманитарлық көмек

Тақырыпқа жаңалықтар