Қазақстан жаңалықтары28 қазан 2025, 14:33

Мемлекет басшысы Финляндия президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Финляндия президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Финляндия арасында достыққа әрі өзара түсіністікке негізделген ықпалдастық орнағанын айтты. Екі елдің арасында шешімін таппаған мәселе жоқ екеніне тоқталды. Сондай-ақ инвестиция және сауда салаларында бірқатар мүмкіндік бар екенін жеткізді.

«Қазақстандықтар Финляндияны, сіздердің салт-дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңізді құрметтейді. Көптеген отандасымыз Сіздің елге турист ретінде жиі барады. Сапарыңыз мемлекеттер арасындағы серіктестікті нығайту үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдімін», - деді Президент.

Ал Финляндия президенті Александр Стубб келіссөздер барысында екі бағытқа назар аударатынын айтты. Біріншісі - қарым-қатынас және іскерлік байланыстар болса, екінші бағыт– сыртқы саясат және қауіпсіздік екеніне тоқталды.

Финляндия Ақорда Тоқаев Келіссөз
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
10 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары
9 сәуір 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар