Мешіттегі еркектің сұмдығын ашқан бойжеткенге белгісіз біреулер түнде келіп, қысым көрсеткен

Ақтөбеде мешітте бейтаныс еркек "уақытша неке" ұсынды деген кыз қысымға ұшырағанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қыздың айтуынша, оқиға туралы әлеуметтік желіде жазбасын жариялағаннан кейін белгісіз адамдар тарапынан қоқан-лоқы көре бастаған.

«Кешелі бері тыныш жүре алмай қалдым. Белгісіз нөмірлер хабарласып жатыр. Түнгі сағат 3-те үйдің терезесінің алдына біреулер келіп, сыртқа шық деп айқайлады. Шынымды айтсам, қорқып отырмын», – деп жазды бойжеткен парақшасында.

Ол бұл жағдайға байланысты тиісті органдарға жүгінетінін айтқан.

Ақтөбе Мешіт Адам қыз

Тақырыпқа жаңалықтар