Молдова ТМД-дан шығу процесін бастады
Молдова билігі елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүшелігіне қатысты үш келісімді денонсациялау процесін бастады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сыртқы істер министрі Попшойдың айтуынша, ел ТМД-дан заңды түрде шығуды көздейді. Ал денонсациялау процесі бұған дейін-ақ тоқтатылған.
Бұл туралы дүйсенбі, 19 қаңтар күні Radio Moldova эфирінде елдің сыртқы істер министрі Михай Попшой мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған келісімдердің күші жойылғаннан кейін, ресми және заңды түрде Молдова ТМД құрамына кірмейтін болады.
Молдова вице-премьері әрі Сыртқы істер министрі денонсацияланатын құжаттар мыналар екенін нақтылады:
– 1993 жылғы 22 қаңтарда Минскіде қол қойылған ТМД Жарғысы;
– 1991 жылғы 8 желтоқсандағы ТМД құру туралы келісім;
– осы келісімге 1991 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған қосымша.
Попшойдың айтуынша, денонсациялау процесі қазірдің өзінде жүріп жатыр. Ал парламент депутаттары тиісті құжаттарды жаңа парламенттік сессияның басында қарайды.
«Шамамен ақпан айының ортасына қарай үкімет деңгейіндегі мәселелерді аяқтаймыз. Содан кейін шешімді парламент қабылдайды», — деді СІМ басшысы.
Михай Попшой ТМД-ға мүшелік туралы келісімдерден бас тартуды елдің еуропалық бағытын нығайтудың маңызды қадамы деп атады.