Мұғалімге қол жұмсағандарға да жаза күшейтіледі
Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Үкіметтегі баспасөз жиынында мұғалімдерге шабуыл жасағандар да қатаң жазаға тартылатынын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Тек медицина қызметкерлері ғана емес, мұғалімдерге де шабуыл көбейіп барады. Сондықтан біз оларды қорғау тетіктерін де қарастырып жатырмыз. Жауапкершілік пен қорғану деңгейі тең болуы тиіс. Бұл бағытта бірқатар ұсыныс бар, депутаттармен ақылдасып, халыққа жеткіземіз»,- деді Ермек Көшербаев.
Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге күш көрсеткендерге жазаны күшейтуді тапсырған болатын.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: