Қазақстанда әлеуметтік көмек түрлерінің санын қысқарту ұсынылды

Қазақстанда әлеуметтік көмектің 13 түрін 4 түрге біріктіру ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев премьер-министр Олжас Бектеновке азаматтарға әлеуметтік көмек пен жеңілдіктер көрсету мәселесіне енгізілетін өзгерістер туралы баяндады.

"Бірінші кезеңде қолданыстағы 36 төлемнің 14 түрі бойынша "шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсету" қағидатына сәйкес мемлекеттік қолдаудың атаулы моделіне көшу үшін нормативтік база қалыптастырылады. Екінші кезең аясында жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік көмектің 13 түрін азаматтардың мұқтаждық деңгейін ескере отырып, 4 түрге біріктіру көзделеді", – деді министр.

Үкімет отырысында 1 қазаннан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау шарттарындағы өзгерістер туралы халыққа SMS, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы кезең-кезеңімен ақпарат беру басталатыны атап өтілді.

әлеуметтік көмек Үкімет отырысы жеңілдік мемлекеттік қолдау

Тақырыпқа жаңалықтар